Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) жолаушылар темір жолы қатынасының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 31 қазандағы № 46/448-IV шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 2 желтоқсанда № 2061 тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 9 қарашадағы № 31/339-VI шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Түркiстан облыстық мәслихатының 09.11.2018 № 31/339-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Темір жол көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8-желтоқсандағы Заңының 14-бабы 3 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) жолаушылар темір жолы қатынасының тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихат
      сессиясының төрағасы Н.Әбишов
      Облыстық мәслихат хатшысы Ә.Досболов

  Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2011 жылғы 31 қазандағы
№ 46/448-IV шешіміне қосымша

Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) жолаушылар темір жолы қатынасының тізбесі

Қатынас

1.

Шымкент – Сарыағаш - Шымкент

2.

Шымкент – Түркістан - Шымкент


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады