Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы № 9 "Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімінің 2018 жылғы 2 ақпандағы № 1 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 21 ақпанда № 4458 болып тіркелді. Күші жойылды - Түркістан облысы Кентау қаласы әкімінің 2018 жылғы 23 қарашадағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Түркiстан облысы Кентау қаласы әкімінің 23.11.2018 № 9 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23 бабының 1 тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Кентау қаласы әкімінің 2011 жылғы 3 қазандағы № 9 "Кентау қаласының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14-3-117 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 19 қарашадағы "Кентау шұғыласы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында № 1075 сайлау учаскесіндегі "№ 2 М.Шоқай атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты" деген сөздер "№ 2 Ш.Қанайұлы атындағы жалпы орта мектебінің ғимараты" деген сөздермен алмастырылсын.

      2. "Кентау қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Кентау қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Кентау қаласы әкімі аппаратының басшысы Б.Алимбетовке жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі Ә. Мақұлбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Кентау қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы Б.Садуов

      5 ақпан 2018 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады