Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 56 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 2 ақпанда № 4440 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 ақпандағы № 285 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 20.02.2020 № 285 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары М.Таңғатаровқа жүктелсiн.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Т.Мұсаев

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы № 56
қаулысына 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Оңтүстік жарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

143

1

1

2.

"Түркістан жарық тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

130

1

1

3.

"Ныш-Ер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

123

1

1

4.

"Нұр-строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

108

1

1

Барлығы:

504


4


  Түркістан қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы № 56
қаулысына 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Ақ жол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

200

1

2

2.

"Түркістан су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын

247

1

2

3.

"Түркістан жарық тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

130

1

1

4.

"Оңтүстік жарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

143

1

1

Барлығы:

720


6


  Түркістан қаласы әкімдігінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы № 56
қаулысына 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін Түркістан қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1.

"Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ұлықбек атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

222

1

2

2.

"Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "Ататүрік атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

232

1

2

3.

"Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 9 Н.Некрасов атындағы жалпы орта мектеп-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

285

1

2

4.

"Түркістан қаласы әкімдігінің білім бөлімінің "№ 15 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

217

1

2

Барлығы:

956


8


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады