Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 ақпандағы № 285 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 25 ақпанда № 5445 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 20 қыркүйектегі № 365 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 20.09.2023 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы қазақ тілінде жаңа редакцияда, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 23.10.2020 № 1479 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 1 тармағының 2), 3), 4) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Түркістан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.

      4. Түркістан қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы № 56 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4440 тіркелген, 2018 жылғы 09 ақпан "Түркістан" газетінде және 2018 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      5. Түркістан қаласы әкімдігінің "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Түркістан қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Т.Мусаевқа жүктелсiн.

      7. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Р. Аюпов

  Түркістан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "20" ақпандағы
№ 285 қаулысына № 1 қосымша

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

      Ескерту. 1-қосымша-жаңа редакцияда - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 23.10.2020 № 1479 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрғандар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Түркістан-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

174

1

2

2

"Ныш-Ер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

123

1

1

3

"Нұр-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

238

1

2

4

"Түркістан жарық-тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

164

1

2

5

"Ақ-жол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600

1

6

Барлығы:

1299


13

 
  Түркістан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "20" ақпандағы
№ 285 қаулысына № 2 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

      Ескерту. 2-қосымша-жаңа редакцияда - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 23.10.2020 № 1479 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері ( ℅ жұмыскерлердің тізімдік саны)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

"Ақжол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

600

1

6

2

"Түркістан-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

174

1

2

3

"Нұр-Строй" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

238

1

2

4

"Түркістан жарық-тазалық"жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

164

1

2

Барлығы:

1176


12

 
  Түркістан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы "20" ақпандағы
№ 285 қаулысына № 3 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

      Ескерту. 3-қосымша-жаңа редакцияда - Түркістан облысы Түркiстан қаласы әкiмдiгiнiң 23.10.2020 № 1479 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (℅ жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

1

Түркістан қаласы әкімдігінің Адами капиталды дамыту бөлімінің "Ататүрік атындағы № 17 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

232

1

2

2

Түркістан қаласы әкімдігінің Адами капиталды дамыту бөлімінің "Н. Некрасов атындағы № 9 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

285

1

3

3

Түркістан қаласы әкімдігінің Адами капиталды дамыту бөлімінің "М.Жұмабаев атындағы № 15 мектеп-гимназия"коммуналдық мемлекеттік мекемесі

217

1

2

Барлығы

734


7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады