Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2018 жылғы 19 қарашадағы № 40/203-VI шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 23 қарашада № 4802 болып тiркелдi

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/61-V шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2176 нөмірімен тіркелген) Түркістан қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505 және 506 баптарында белгiленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2, 3, 4, 5, 6 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға жоғарылатылсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 30.03.2021 № 5/26-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. "Түркістан қалалық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түркістан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түркістан қалалық маслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Х.Азимов
      Қалалық мәслихат хатшысы Ғ. Сарсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады