"Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ордабасы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 11/7 "Б" корпусы Ордабасы аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4026 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 22 сәуіріндегі "Ордабасы оттары" газетінде және 2017 жылғы 25 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Ордабасы аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Ордабасы ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | С.Алтыбаев |
Аудандық мәслихат хатшысы | Б.Садвахасов |