Отырар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 05 сәуірдегі № 12/61-VІ "Б" корпусы Отырар аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 25/131-VI шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 19 сәуірде № 4558 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Отырар аудандық мәслихатының 2017 жлғы 05 сәуірдегі № 12/61-VІ "Б" корпусы Отырар аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4038 болып тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірдегі "Отырар алқабы" газетінде және 2017 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. "Отырар аудандық маслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Отырар ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуінқамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы А. Мырзатай
      Аудандық мәслихаттың хатшысы М. Манапов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады