Сайрам ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 18 қаңтардағы № 11 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 12 ақпанда № 4449 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 23 қазандағы № 460 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Сайрам ауданы әкiмдiгiнiң 23.10.2020 № 460 қаулысымен (алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2-тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сайрам ауданы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Сайрам ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Сайрам ауданында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) осы қаулыны оның ресми жарияланғаннан кейін Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Олжаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б.Мамаев

  Сайрам ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 18 қаңтардағы
№ 11 қаулысына қосымша

Сайрам ауданы аумағындағы көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындары

Мекен жайы

1

Ақсукент ауылдық округі, Ақсу ауылы, Айтеке би көшесі "Сайрам Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алды.

2

Ақбұлақ ауылдық округі, Ақбұлақ ауылы, Ташимов және Колхозшы көшелерінің қиылысы.

3

Жібек-жолы ауылдық округі, Жібек-жолы ауылы, Алматы-Термез тас жолы және Жібек-жолы көшесінің қиылысы.

4

Қайнарбұлақ ауылдық округі, Қасымбек Датқа ауылы, С.Муханов және М.Оразалиев көшелерінің қиылысы.

5

Қарасу ауылдық округі, Әйтеке би ауылы, Ш.Уалиханов көшесі, "Dala-Fruit" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алма бауының сол жағы.

6

Қарабұлақ ауылдық округі, Қарабұлақ ауылы, Ахунбабаев көшесі, бұрынғы "Нұр Қарабұлақ" мал базарының аумағы.

7

Құтарыс ауылдық округі, Құтарыс ауылы, Әбубәкіров көшесі, бұрынғы астық қырманының аумағы.

8

Көлкент ауылдық округі, Көлкент ауылы, "Санур-1" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің астық бидай қырманының алды.

9

Қарамұрт ауылдық округі, Қарамұрт ауылы, Х.Нигмаджанов және А.Моминжанов көшелерінің қиылысы.

10

Манкент ауылдық округі, Манкент ауылы, Набережная көшесі, "МСК-ПГС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі карьерінің алды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады