Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелерін қайта атау туралы

Жаңартылған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 194 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 10 сәуірде № 4511 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Оңтүстік Қазақстан облысы ономастика комиссиясының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Көлкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көлкент ауылдық округінің Көлкент елді мекеніндегі көшелер қайта аталсын:

      1) Жантақсай-1 көшесі - Жантақсай көшесі деп;

      2) Жантақсай-2 көшесі - Қаратал көшесі деп;

      3) Жантақсай-3 көшесі - Ырысты көшесі деп;

      4) Жантақсай-4 көшесі - Қазақстан 2050 көшесі деп;

      5) Жантақсай-5 көшесі - Атамұра көшесі деп;

      6) Жантақсай-6 көшесі - Жетіген көшесі деп;

      7) Алмазар-1 көшесі – Алмалы көшесі деп;

      8) Алмазар-2 көшесі – ЭКСПО-2017 көшесі деп;

      9) Алмазар-3 көшесі – Астана көшесі деп;

      10) Алмазар-4 көшесі – Мәртөбе көшесі деп;

      11) Алмазар-5 көшесі – Жиделі көшесі деп;

      12) Алмазар-6 көшесі – Жас Алаш көшесі деп;

      13) Алмазар-7 көшесі – Кәусарбұлақ көшесі деп;

      14) Алмазар-8 көшесі – Нұр Отан көшесі деп;

      15) Алмазар-9 көшесі – Кербұлақ көшесі деп;

      16) Алмазар-10 көшесі – Көкбөрі көшесі деп;

      17) Алмазар-11 көшесі – Күлтегін көшесі деп;

      18) Алмазар-12 көшесі – Құлагер көшесі деп;

      19) Жаңақұрылыс-1 көшесі – Ақасық көшесі деп;

      20) Жаңақұрылыс-2 көшесі – Атақоныс көшесі деп;

      21) Жаңақұрылыс-3 көшесі – Дарын көшесі деп;

      22) Жаңақұрылыс-4 көшесі – Жаңақоныс көшесі деп;

      23) Жаңақұрылыс-5 көшесі – Деркөл көшесі деп;

      24) Фрунзе көшесі - Нұрлы жол көшесі деп;

      25) Ленин жолы көшесі – Үштөбе көшесі деп;

      26) Абдулазиз көшесі - Майқұдық көшесі деп.

      2. Көлкент ауылдық округінің Теспе елді мекеніндегі көшелер қайта аталсын:

      1) Жаңақұрылыс-6 көшесі - Елтұтқа көшесі деп;

      2) Жаңақұрылыс-7 көшесі – Қарауылтөбе көшесі деп;

      3) Жаңақұрылыс-8 көшесі – Алтын Арай көшесі деп.

      3. Көлкент ауылдық округінің Шапырашты елді мекеніндегі көшелер қайта аталсын:

      1) Жаңақұрылыс-9 көшесі - Айшуақ көшесі деп;

      2) Жаңақұрылыс-10 көшесі - Көксу көшесі деп.

      4. Көлкент ауылдық округінің Ақсуабад елді мекеніндегі көшелер қайта аталсын:

      1) Советтер көшесі – Тәуелсіздік көшесі деп;

      1) Жаңақұрылыс-11 көшесі – Үркер көшесі деп;

      3) Жаңақұрылыс-12 көшесі – Дария көшесі деп;

      4) Жаңақұрылыс-13 көшесі – Шымбұлақ көшесі деп;

      5) Жаңақұрылыс-14 көшесі – Келешек көшесі деп;

      6) Жаңақұрылыс-15 көшесі – Көктем көшесі деп;

      7) Жаңақұрылыс-16 көшесі – Тұмар көшесі деп;

      8) Жаңақұрылыс-17 көшесі – Шымтас көшесі деп;

      9) Жаңақұрылыс-18 көшесі – Бейбітшілік көшесі деп;

      10) Тастақ көшесі – Алмазар көшесі деп.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 05.07.2023 № 141 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      5. Көлкент ауылдық округінің М.Оразалиев елді мекеніндегі көшелер қайта аталсын:

      1) Гагарин көшесі – Мәңгілік ел көшесі деп;

      2) Жаңақұрылыс-19 көшесі – Үшқоңыр көшесі деп;

      3) Жаңақұрылыс-20 көшесі – Балбырауын көшесі деп.

      6. Көлкент ауылдық округінің Ханқорған елді мекеніндегі көшелер қайта аталсын:

      1) Жаңақұрылыс-21 көшесі – Замандас көшесі деп;

      2) Жаңақұрылыс-22 көшесі – Балауса көшесі деп;

      3) Жаңақұрылыс-23 көшесі – Елім-ай көшесі деп;

      4) Жаңақұрылыс-24 көшесі – Ақ отау көшесі деп;

      5) Жаңақұрылыс-25 көшесі – Барыс көшесі деп;

      6) Жаңақұрылыс-26 көшесі – Мөлдірбұлақ көшесі деп;

      7) Жаңақұрылыс-28 көшесі – Балбұлақ көшесі деп;

      8) Жаңақұрылыс-29 көшесі – Ақтерек көшесі деп;

      9) Жаңақұрылыс-30 көшесі – Бәйтерек көшесі деп;

      10) Жаңақұрылыс-31 көшесі – Наурыз көшесі деп;

      11) Жаңақұрылыс-32 көшесі – Нұршашу көшесі деп;

      12) Жаңақұрылыс-33 көшесі – Нұр әлем көшесі деп;

      13) Жаңақұрылыс-34 көшесі – Күншуақ көшесі деп.

      7. Көлкент ауылдық округінің Қосбұлақ елді мекеніндегі көшелер қайта аталсын:

      1) Жаңақұрылыс-35 көшесі – Ашықбұлақ көшесі деп;

      2) Жаңақұрылыс-36 көшесі – Егеменді Қазақстан көшесі деп;

      3) Жаңақұрылыс-37 көшесі – Татулық көшесі деп;

      4) Жаңақұрылыс-38 көшесі – Думан көшесі деп;

      5) Жаңақұрылыс-39 көшесі – Қосағаш көшесі деп;

      6) Жаңақұрылыс-40 көшесі – Қызғалдақ көшесі деп;

      7) Жаңақұрылыс-41 көшесі – Шолпанжұлдыз көшесі деп;

      8) Жаңақұрылыс-42 көшесі – Дихан баба көшесі деп.

      8. "Сайрам ауданының Көлкент ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Сайрам ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Сайрам ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      9. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      10. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Көлкент ауылдық
      округінің әкімі М.Шадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады