"Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелерін қайта атау туралы" Көлкент ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 194 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 5 шілдедегі № 141 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Көлкент ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Көлкент ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 194 "Сайрам ауданы Көлкент ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелерін қайта атау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4511 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған шешімнің 4 тармағының 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Тастақ көшесі – Алмазар көшесі деп.".

      2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Көлкент ауылдық округінің әкімі У.Юлдашов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады