Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 1 қарашадағы № 469 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 13 қарашада № 4776 болып тiркелдi

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "TNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "БС Саруг-город Шымкент (СВИЧ)" магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 20.01.2021 № 10 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      2. Алынып тасталды - Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкiмдiгiнiң 10.11.2022 № 334 қаулысымен (алғашы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сейтимбетовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ. Абдуалиев

  Сарыағаш ауданы әкімдігінің
1 қараша 2018 жылғы
№ 469 қаулысына қосымша

"TNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "БС Саруг-город Шымкент (СВИЧ)" магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу көлемдері

Жер пайдалану шылар атауы

қауымдық серви туттың әрекет ету көлемі (гектар)

соның ішінде:

ауыл шаруашық мақсатындағы жерлер

оның ішінде:

егістік

оның ішінде:

көп жылдық екпелер

шабындық

жайылым

суармалы егістік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Ақжар ауылдық округі

2,252

0,100

0,100

-

-

-

0

2

Дербісек ауылдық округі

1,464

0,708

-

-

-

-

0,708

3

Қызылжар ауылдық округі

2,488

1,048

0,760

-

-

-

0,288

4

Қабланбек ауылдық округі

1,628

1,00

0,212

-

-

-

0,788

5

Сарыағаш қаласы

2,412

1,448

-

-

-

-

1,448


      кестенің жалғасы

елдi мекендердiң жерi

өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер

орман қорының жері

су қорының жерi

босалқы жер

10

11

12

13

14

15

-

-

-

-

-

2,152

-

-

-

-

-

0,756

-

-

-

-

-

1,440

-

-

-

-

-

0,628

0,692

-

-

-

-

0,272


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады