Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 1 қарашадағы № 469 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4776 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 08 қаңтарда электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "TNS-Plus" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "БС Саруг-город Шымкент (СВИЧ)" магистральды талшықты оптикалық байланыс желісін орналастыру және пайдалану үшін жер учаскелерін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан жер учаскелеріне 49 (қырық тоғыз) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.".
2. "Сарыағаш ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Сарыағаш ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Полатовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары | Б. Полатов |