"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 1 тармағына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Төлеби аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы мәслихат шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Төлеби ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Төлеби аудандық мәслихаттың интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | |
сессиясының төрағасы | М.Жұмабаев |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Н.Қойбағаров |
Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 25/138-VI шешіміне қосымша |
Төлеби аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1) Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 4 наурыздағы № 50/248-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3641 тіркелген, 2016 жьлғы 28 наурызда "Ленгер жаршысы" газетінде жарияланған);
2) Төлеби аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 қыркүйектегі № 9/39-VI "Төлеби ауданының аумағында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" шешімі (Нормативтік құқықтык актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3859 тіркелген, 2016 жылғы 22 қазанда "Төлеби туы" газетінде жарияланған);
3) Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 13/75-VI "Б" корпусы Төлеби аудандық мәслихат аппаратының мемлекттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4034 тіркелген, 2017 жылғы 21 сәуірде "Төлеби туы" газетінде жарияланған).