Көшеге қайта атау беру туралы

Жаңа

Бірлескен Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 12 қарашадағы № 647 қаулысы және Түркістан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2018 жылғы 12 қарашадағы № 31/179-VI шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 15 қарашада № 4781 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрлысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, халық пікірін ескере отырып және Түркістан облысы ономастика комиссиясының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі қортындысы негізінде, аудан әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ленгер қаласындағы "Бірлік 1" және "Бірлік 2" көшеге - Әбдікәрім Бектайұлы атауы берілсін:

      2. "Төлеби аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттiк мекемесi Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген тәртiпте:

      1) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін Төлеби ауданының аумағында таралатын мерзімді басылымдарға жіберуді;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы бірлескен әкімдіктің қаулысы мен мәслихаттың шешімін Төлеби аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен Төлеби ауданы әкімдігінің қаулысы мен Төлеби аудандық мәслихатының шешімінің орындалуын қадағалауды өзiме қалдырамын.

      4. Осы бірлескен Төлеби ауданы әкімдігінің қаулысы мен Төлеби аудандық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Төлеби ауданының әкімі Б.Омарбеков
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Қ.Қансейітов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады