Арыс ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы Арыс ауылдық округi әкiмiнiң 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 4 шешiмi. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 1 ақпанда № 4434 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2017 жылғы 22 желтоқсандағы Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Арыс ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арыс ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атаулар берілсін:

      1) Арыс ауылдық округіне қарасты, Керейт ауылындағы атауы жоқ көшеге Болашақ атауы;

      2) Арыс ауылдық округіне қарасты, Мақталы ауылындағы атауы жоқ көшеге Ынтымақ атауы;

      3) Арыс ауылдық округіне қарасты,Мақталы ауылындағы атауы жоқ көшеге Тәуелсіздік атауы.

      2. "Түлкібас ауданы әкімдігінің Арыс ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Арыс ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы С.Серикбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Қ.Наренбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады