Рысқұлов ауылдық округіндегі елді мекендердегі атаусыз көшелерге атау беру туралы

Жаңа

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Рысқұлов ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 18 шілдедегі № 22 шешімі. Түркістан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 31 шілдеде № 4703 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және 2018 жылғы 6 сәуірдегі Оңтүстік Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Рысқұлов ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Рысқұлов ауылдық округі Азаттық, Шұқырбұлақ, Тастыбұлақ елді мекендердегі атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      1) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге-Бірлік атауы;

      2) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 3 көшеге-Бәйшешек атауы;

      3) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 4 көшеге-Жас өркен атауы;

      4) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 5 көшеге-Ырыс атауы;

      5) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 6 көшеге-Достық атауы;

      6) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 7 көшеге-Игілік атауы;

      7) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 8 көшеге-Нұрлы атауы;

      8) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 9 көшеге-Келешек атауы;

      9) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 10 көшеге-Бейбітшілік атауы;

      10) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 11 көшеге-Жемісті атауы;

      11) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 12 көшеге-Ынтымақ атауы;

      12) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 13 көшеге-Тәуелсіздік атауы;

      13) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 14 көшеге-Бәйтерек атауы;

      14) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 15 көшеге-Ізет атауы;

      15) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 16 көшеге-Атамекен атауы;

      16) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 17 көшеге-Рахмет атауы;

      17) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 18 көшеге-Жастық шақ атауы;

      18) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 19 көшеге-Шапағат атауы;

      19) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 20 көшеге-Жақсылық атауы;

      20) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 21 көшеге-Зерде атауы;

      21) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 22 көшеге-Көрікті атауы;

      22) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 23 көшеге-Самал атауы;

      23) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 24 көшеге-Желтоқсан атауы;

      24) Азаттық ауылындағы атауы жоқ № 27 көшеге-Сәкен Сейфулин атауы;

      25) Тастыбұлақ ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге-Наурыз атауы;

      26) Тастыбұлақ ауылындағы атауы жоқ № 2 көшеге-Бастау атауы;

      27) Шұқырбұлақ ауылындағы атауы жоқ № 1 көшеге-Астана атауы;

      28) Шұқырбұлақ ауылындағы атауы жоқ № 2 көшеге-Көктем атауы.

      2. "Рысқұлов ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкім шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдануын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Түлкібас ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Рысқұлов ауылдық округі әкімінің орынбасары Н.Қадырбековаға жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округ әкімі: М.Аманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады