Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 18.03.2021 № 100 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27 бабының 2 тармағына және "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шардара ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Қ.Жолдыбайға жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Кистауов |
Шардара ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 54 қаулысына қосымша |
Шардара ауданының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар
№ | Қала және ауыл округінің атауы | Орналасатын орны |
1. | Шардара қаласы | Н.Оңдасынов көшесі мен Еркөбек көшесінің қиылысы |
2. | Шардара қаласы | Жібек жолы көшесі, "Шардара" селолық тұтыну кооперативінің бұрынғы көкөніс сақтау қоймасы ғимаратының қарама-қарсы жағы |
3. | Қ.Тұрысбеков ауылдық округі | "Шардара" мешіті ғимаратының жаны |
4. | Қоссейіт ауылдық округі | Қонаев көшесі мен Асықата көшесінің қиылысы |
5. | Қоссейіт ауылдық округі | Қонаев көшесі, "Қазпошта" ғимаратының жаны |
6. | Көксу ауылдық округі | Абай көшесі мен М.Әуезов көшесінің қиылысы |
7. | Көксу ауылдық округі | "Мырзакент" мақта қабылдау пунктінің жаны |
8. | Ұзыната ауылдық округі | Н.Сапаров көшесі мен Ынтымақ көшесінің қиылысы |
9. | Алатау батыр ауылдық округі | "Шардара мақта" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мақта қабылдау пунктінің алды |
10. | Қызылқұм ауылдық округі | С.Сейфуллин көшесі мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысы |
11. | Сүткент ауылдық округі | Ә.Тоқсанбаев көшесі, Мәдениет үйі ғимаратының шығыс жағы |
12. | Ақшеңгелді ауылдық округі | Б.Майлин көшесі, "Мырзакент" мақта қабылдау пунктінің шығыс жағы |
13. | Ақшеңгелді ауылдық округі | Абылай хан көшесі, "Мырзакент" мақта қабылдау пункті жаны |
14. | Достық ауылдық округі | Ш.Уәлиханов пен Қазыбек би көшесінің қиылысы |
15. | Жаушықұм ауылдық округі | Жаушықұм көшесі мен Алтынсарин көшесінің қиылысы |