Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы

Жаңартылған

Оңтүстiк Қазақстан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2018 жылғы 27 сәуірдегі № 215 қаулысы. Оңтүстiк Қазақстан облысының Әдiлет департаментiнде 2018 жылғы 17 мамырда № 4602 болып тiркелдi

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Автомобиль жолдары туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының 3 бабының 7 тармағына және 6 бабының 2 тармағына сәйкес Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Шардара ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 мамырдағы № 136 "Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 4113 нөмірімен тіркелген, 2017 жылы 9 маусымдағы "Шартарап-Шарайна" газетінде және 2017 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жаряланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Шардара ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Шардара ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Шардара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.Сапаровқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Кистауов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Оңтүстік Қазақстан облысының
жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________Н.М.Байғұт
"27" сәуір 2018 жыл

  Шардара ауданы
әкімдігінің 2018 жылғы
27 сәуірдегі
№ 215 қаулысына
қосымша

Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индекстері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 24.07.2024 № 185 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Автомобиль жолдарының индексі

Автомобиль жолдарының атауы

Автомобиль жолдарының мекен-жайы, шақырым

Жалпы ұзындығы, шақырым

1

2

3

4

5

1

KXSH-1

"КХ-72 Абай-Шардара" - Водозабор

0-1,7

1,7

2

KXSH-2

"КХ-72 Абай - Шардара" - Дача "Достық"

0-1,8

1,8

3

KXSH-3

"КХ-72 Абай - Шардара" - Бағыскөл

0-0,6

0,6

4

KXSH-4

"КХ-8 Шардара – Арыс - Темірлан" - Ақберді

0-3,5

3,5

5

KXSH-5

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" - Бозай (Есалы құдық)

0-1,5

1,5

6

KXSH-6

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" - Нефтебаза

0-0,4

0,4

7

KXSH-7

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" - Қоссейіт

0-3,0

3,0

8

KXSH-8

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" -Баспанды - Жоласар

0-15

15

9

KXSH-9

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" -Айдаркөл қашар

0-3,8

3,8

10

KXSH-10

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" - Қазақстан

0-0,3

0,3

11

KXSH-11

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" - Целинное

0-0,3

0,3

12

KXSH-12

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" -Қызылқұм

0-1,1

1,1

13

KXSH-13

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" - Ақалтын - Егізқұм

0-11,8

11,8

14

KXSH-14

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" - Достық

0-0,23

0,23

15

KXSH-15

"КХ-72 Шардара - Абай"

0-2,0

2,0

16

KXSH-16

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" - Алтын жағажай

0-2,0

2,0

17

KXSH-17

"КХ-8 Шардара - Арыс - Темірлан" - Көксу

0-1,2

1,2

18

KXSH-18

"КХ-163 Жаушықұм - Қалғансыр"

0-8,3

8,3

Шардара ауданының аудандық маңызы бар автомобиль жолдары бойынша барлығы

58,53


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады