Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Прапорщиково ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км 05-068-068-023 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінде Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 100 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 5628 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Прапорщиково ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км 05-068-068-023 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінде Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасына сәйкес және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануы мен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Прапорщиково ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км 05-068-068-023 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінде Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Прапорщиково ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км 05-068-068-023 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінде Ертіс өзенінің су қорғау аймағы аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеуі аумағында шектеулі шаруашылық қызметі режимі белгіленсін.

      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (М.Н. Нұрғалиев) "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Прапорщиково ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км 05-068-068-023 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінде Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Глубокое ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілетті мемлекеттік органдарға тапсырсын.

      3. Облыс әкімінің аппараты, облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және оған енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрлігі
      Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің
      Шығыс Қазақстан облысы
      Қоғамдық денсаулық сақтау
      департаментінің басшысы
      ______________ Ғ. Сүлейменов

      2018 жылғы "9" сәуір


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрлігі
      Су ресурстары комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясы басшысының міндетін атқарушы
      ______________ Қ. Баймағамбетов

      2018 жылғы "10" сәуір

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2018 жылғы
"9" сәуірдегі№ 100
қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Прапорщиково ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км 05-068-068-023 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінде Ертіс өзенінің су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі

Су объектісі,
оның учаскесі

Су қорғау аймағы

Су қорғау белдеуі

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

Ұзындығы, км

Ауданы, га

Ені, м

1

2

3

4

5

6

7

Қаралып отырған учаскенің шегіндегі Ертіс өзенінің оң жағалауы

2,7

37,05

500-570

3,0

14,45

35-142

      Ескертпе:

      Су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекаралары мен ені бекітілген "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Прапорщиково ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км 05-068-068-023 кадастрлық нөмірлі жер учаскесінде Ертіс өзенінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасының картографиялық материалында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады