Іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 263 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 5676 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы Кодексінің 274-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 24.04.2019 № 123 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары – индустриализация және инвестиция мәселері бойынша арнайы орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2018 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 263 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды – Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 24.04.2019 № 123 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 30.05.2024 № 134 қаулыларымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Кен іздеушілік мерзімінің әр жылы үшін қамтамасыз ету мөлшері "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ Кодексінің 210-бабының 3-тармағында және 274-бабында белгіленген бір гектар бойынша кен іздеушілік бойынша операцияларға арналған жыл сайынғы ең төменгі шығыстар сомасының 10%-ы мөлшерінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      О1=(3170×АЕК×10%)/5

      мұндағы:

      О1 – кен іздеушілік мерзімінің әр жылы үшін қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш және кен іздеушілікке арналған лицензияны беруге өтініш берілген жылы қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;

      /5 – бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін алу үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады