"Іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 263 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 31 мамырда № 9029-16 болып тіркелді

      Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Іздеушіліктің салдарын жою бойынша жер қойнауын пайдаланушының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету мөлшерін айқындау туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 5 қыркүйектегі № 263 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5676 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін оның Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е. Кошербаев

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2024 жылғы 30 мамырдағы
№ 134 Қаулыға қосымша
  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2018 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 263 қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы бойынша бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшері

      Кен іздеушілік мерзімінің әр жылы үшін қамтамасыз ету мөлшері "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ Кодексінің 210-бабының 3-тармағында және 274-бабында белгіленген бір гектар бойынша кен іздеушілік бойынша операцияларға арналған жыл сайынғы ең төменгі шығыстар сомасының 10%-ы мөлшерінде мынадай формула бойынша айқындалады:

      О1=(3170×АЕК×10%)/5

      мұндағы:

      О1 – кен іздеушілік мерзімінің әр жылы үшін қамтамасыз ету мөлшері;

      АЕК – республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш және кен іздеушілікке арналған лицензияны беруге өтініш берілген жылы қолданыста болған айлық есептік көрсеткіш;

      /5 – бір гектар үшін кен іздеушіліктің салдарын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мөлшерін алу үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады