РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес және "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 17306) бұйрығын іске асыру мақсатында, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісуі негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидия көлемдерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 313 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 5689, 2018 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2018 жылғы 15 қарашада "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулыға 1, 2 қосымшалар осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
2) осы әкімдіктің қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;
4) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысының | |
әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 346 қаулысына 1 қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 313 қаулысына 1 қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
| Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидия-ланатын көлем | Субсидиялар көлемі, мың теңге |
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1) | Тауарлық аналық бас | бас | 10 000 | 5 417 | 54 163,2 |
2) | Асыл тұқымды аналық бас | бас | 20 000 | 2 323 | 46 460 |
Барлығы: | 100 623,2 | ||||
Марал шаруашылығы (бұғы шаруашылығы) | |||||
1. | Аналық бас пен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | бас | 10 000 | 2 416 | 24 160 |
Барлығы: | 24 160 | ||||
Балара шаруашылығы | |||||
1. | Балара ұясымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | балара ұясы | 5 000 | 13 797 | 68 985 |
Барлығы: | 68 985 | ||||
Барлық сомасы: | 193 768,2 |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 28 қарашадағы № 346 қаулысына 2 қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 29 қазандағы № 313 қаулысына 2 қосымша |
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2018 жылға арналған субсидиялардың көлемдері
| Субсидиялау бағыты | Өлшем бірлігі | 1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге | Субсидияланатын көлем | Субсидиялар көлемі, мың теңге |
Етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Тауарлы аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 46 516 | 465 160 |
2) | Қосымша норматив: | ||||
80 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 8 000 | 11 346 | 90 768 | |
60 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 6 000 | 6 107 | 36 642 | |
1.2 | Асыл тұқымды аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | 5 737 | 57 370 |
2) | Қосымша норматив: | ||||
80 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 20 000 | 7 090 | 141 800 | |
70 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 15 000 | 32 | 480 | |
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | бас | 150 000 | 326 | 48 753,5 |
Барлығы: | 840 973,5 | ||||
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы | |||||
1. | Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу | ||||
1.1 | Асыл тұқымды аналық бас | ||||
1) | Базалық норматив | бас | 10 000 | ||
2) | Қосымша норматив: | ||||
80 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 20 000 | 1 032 | 20 640 | |
70 %-дан бастап қоса алғанда төл беру шығымы | бас | 15 000 | |||
2. | Асыл тұқымды ірі қара мал сатып алу | ||||
1) | отандық шаруашылықтардың асыл тұқымды ірі қара малы | бас | 170 000 | 64 | 10 754 |
Барлығы: | 31 394 | ||||
Мал шаруашылығы | |||||
1. | 100 бастан бастап тірі салмақтағы бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату | ||||
1) | 400-ден 450 килограмға дейін | бас | 45 000 | 54 | 2 470 |
2) | 451-ден 500 килограмға дейін | бас | 60 000 | 44 | 2 640 |
3) | 501-ден 550 килограмға дейін | бас | 65 000 | 160 | 10 400 |
4) | 551-ден 600 килограмға дейін және одан жоғары | бас | 75 000 | 22 | 1 650 |
Барлығы: | 17 160 | ||||
Шошқа шаруашылығы | |||||
1. | Шошқа етін өндіру құнын арзандату | ||||
1) | нақты бордақыланғаны 3 000 бастан бастап | кг | 100 | 638 772,6 | 63 877,3 |
Барлығы: | 63 877,3 | ||||
Қой шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды қойлар сатып алу | ||||
1) | тұсақтар | бас | 8 000 | 2 270 | 18 160 |
Барлығы: | 18 160 | ||||
Жылқы шаруашылығы | |||||
1. | Асыл тұқымды аналық бас сатып алу | бас | 40 000 | 253 | 10 120 |
2. | Бие сүтін өндіру және қайта өндеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін | кг | 60 | 418 570 | 25 114,2 |
Барлығы: | 35 234,2 | ||||
Азық өндіру | |||||
1. | Мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін құрамажем зауыттары өткізген құрамажем құнын арзандату | тонна | 20 000 | 2 349,4 | 46 988 |
Барлығы: | 46 988 | ||||
Барлық сомасы: | 1 053 787 |
Ескерту:
* "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 256 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 17306) бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 32 тармағына сәйкес осы Қағидалар күшіне енгенге дейін мақұлданған, бірақ қаражаттың болмауы себепті төленбеген өтінімдер өтінімнің мақұлдануы сәтіне қолданыста болған Қағидалардың шарттары бойынша төленуі тиіс.