"Қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 1146 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы № 102 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 17 қаңтарда № 5431 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру туралы" Өскемен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 17 наурыздағы № 1146 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4957 тіркелген, 2017 жылғы 22 сәуірде "Дидар", "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған, 2017 жылғы 27 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімі аппараты" мемлекекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін қағаз және электрондық нұсқада қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми түрде жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкісіне енгізу үшін жіберуді;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы қаулының көшірмесін ресми жариялауға Өскемен қаласы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына жіберуді;

      3) осы қаулыны ресми түрде жарияланған соң Өскемен қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының басшысы Е.А. Шурмановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы О. Булавкина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады