Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 12.03.2021 № 3/6-VII шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 505-бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемесі 1 (бір) шаршы метр үшін 6,00 (алты) теңгеден 3,00 (үш) теңгеге дейін төмендетілсін.
2. "1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемесін төмендету туралы" Өскемен қалалық мәслихатының 2015 жылғы 6 сәуірдегі № 37/4-V (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3921 нөмірімен тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырдағы "Өскемен", "Усть-Каменогорск" газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Ахметжанов |
Қалалық мәслихаттың хатшысы | А. Светаш |