1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне салынатын базалық салықтық мөлшерлемені төмендету туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 наурыздағы № 3/6-VII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 30 наурызда № 8484 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 531-бабының 3 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 1000 шаршы метрден асатын үй жанындағы жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемесі 1 (бір) шаршы метр үшін 6 (алты) теңгеден 3 (үш) теңгеге дейін төмендетілсін.

      2. Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 14 ақпандағы № 26/5-V "1000 шаршы метрден асатын үй іргесіндегі жер учаскелеріне салынатын базалық салық мөлшерлемесін төмендету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5520 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және туындаған қатынастарға таралады.

      Сессия төрғасы С. Коротин
      Қалалық маслихат хатшысы А. Светаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады