Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 17 сәуірдегі № 693 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Семей қаласындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 5 мамырда № 5-2-168 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабы 9) тармақшасына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2018 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан екі пайыз мөлшерде қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген тәртіппен:

      1) осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау мен енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолдауды;

      4) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Н. В. Шароваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі Е. Сәлімов

  Қала әкімдігінің
2018 жылғы "17" сәуірдегі
№ 693 қаулысына қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орыналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Р/с №

Кәсіпорын атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

Жұмыс орындар саны (адам)

1.

"Семей машина жасау зауыты" акционерлік қоғамы

186

2

3

2.

"Алел" қаржы-инвестициялық корпорациясы

945

2

18

3.

"Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы" акционерлік қоғамы

50

2

1

4.

"Силикат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

282

2

5

5.

"Тепломонолит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

55

2

1

6.

"ADAL Trade Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

216

2

4

7.

"Семей құю механикалық зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

119

2

2

8.

"AMB-Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

222

2

4

9.

"СӘТ ТРАНС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

169

2

3

10.

"Cash Trade" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

147

2

2

11.

"Алфом" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

2

1

12.

"Семей аяқ киім фабрикасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

189

2

3

13.

"АЭС Шүлбі СЭС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

139

2

2

14.

"Казэлектромаш" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

159

2

3

15.

"Семей ет комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

255

2

5

16.

"Daewoo Bus Kazakhstan" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

102

2

2

17.

"Восток Бройлер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

335

2

6

18.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитетінің "Қазақстан су жолдары" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Семей филиалы

272

2

5

19.

"Семей Водоканал" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

647

2

12

20.

"Теплокоммунэнерго" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

1685

2

33

21.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті түзеу мекемелерінің "Еңбек" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Еңбек-Семей" филиалы

138

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады