Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 01.06.2020 № 722 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 - бабына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындар белгілеу туралы" Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 1168 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4653 тіркелген, 2016 жылғы 9 қыркүйекте электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, 2016 жылғы 26 тамызда "Семей таңы", "Вести Семей" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Семей қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Семей қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің бюджетті қалыптастыру және орындау, несие және кеден саясаты, банк мекемелері, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп, кәсіпкерлік, байланыс, туризм және сауда, еңбек және қоршаған ортаны қорғау инспекциясы мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі | Е. Сәлімов |
Қала әкімдігінің 2018 жылғы "11" шілдедегі № 1273 қаулысына қосымша |
|
Қала әкімдігінің 2016 жылғы "26" шілдедегі № 1168 қаулысына қосымша |
Семей қаласында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған орындардың тізбесі
1. Қабанбай батыр көшесі (№ 93 ғимараты ауданында).
2. Ш. Қаржаубайұлы көшесі (№ 253 ғимараты ауданында).
3.1 шағын аудан ("Роза" дәмханасы ауданында).
4. Западный кенті, Строительная көшесі (№ 3 ғимараты ауданында).
5. Степной кенті, Западная көшесі (№ 2 "А" ғимараты ауданында).
6. Бобровка кенті, Центральная көшесі (№ 49 ғимараты ауданында).
7. Восход кенті, Рудная көшесі (№ 27 ғимараты ауданында).
8. Восточный кенті, 6 Линия көшесі (№ 1 "Е" ғимараты ауданында).
9. Холодный ключ кенті, Цветочная көшесі ("Конечная" соңғы автобус аялдамасы ауданында).
10. Водный кенті, Автодромная көшесі (№ 1 "Д" ғимараты ауданында).
11. Аэропорттық көшесі ("Аэропорт" соңғы автобус аялдамасы ауданында).
12. Восточный кенті, А. Көшкінбаев көшесі (№ 35 "А" ғимараты ауданында).
13. Юность көшесі (№ 25 ғимараты ауданында).
14. Титова көшесі (№ 120 ғимараты ауданында).
15. 14 шағын аудан (№ 4 ғимараты ауданында, "14 шағын аудан" соңғы автобус аялдамасы ауданында).
16. Силикатный кенті, Шугаев көшесі (№ 171 ғимараты ауданында).
17. 35 квартал (№ 20 ғимараты ауданы ауласында).
18. Степной кенті, Просторная көшесі (№ 32 "Б" ғимараты ауданында).
19. М. Лебаев көшесі (№ 38 ғимараты ауданында).
20. Ж. Кәрменов көшесі (№ 78 ғимараты ауданында).
21. Сеченов көшесі (№ 7 ғимараты ауданында).
22. Ак. Сәтпаев көшесі (№ 89 ғимараты ауданында).
23. Ак. Сәтпаев көшесі (№ 134 ғимараты ауданында).
24. Ак. Сәтпаев көшесі (№ 278 ғимараты ауданында).
25. Комсомол кенті, Знаменская көшесі (№ 31 ғимараты ауданында).
26. Гурьевская көшесі (№ 4 ғимараты ауданында).
27. Би Боранбай көшесі ("Авантаж ойл" АҚС" автобус аялдамасы ауданында).
28. А. Қашаубаев көшесі (№ 28/1 ғимараты ауданында).
29. Кирпичный завод көшесі (№ 8 ғимараты ауданында).