Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Семей қаласы мәслихатының 04.12.2023 № 14/84-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 510-бабының 1-тармағына, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 20/8-ІІ "Шығыс Казақстан облысының қалалар мен аудандардың аймаққа бөлу сұлбаларын бекіту туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1576 болып тіркелген) шешіміне, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 12 шілдедегі № 12/137-VI шешіміне және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 3 шілдедегі № 171 "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысына сәйкес Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Семей қаласы мен оның елді мекендері бойынша (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) бекітілген аймақ сұлбалары бойынша жер салығы мөлшерлемелері 1, 2-қосымшаларға сәйкес арттырылсын және азайтылсын.
2. Семей қаласы мәслихатының 2016 жылғы 29 қарашадағы № 8/60-VI "Жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы" (мемлекеттік нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4777 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 желтоқсанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат сессиясының | |
төрағасы | З. Жамалтдинова |
Қалалық мәслихаттың | |
хатшысы | Б. Ақжалов |
2018 жылғы 29 қарашадағы № 30/197-VI шешіміне 1 қосымша |
Семей қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету коэффициенттері (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда)
Аймақ № | Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері | Арттыруу % | Аймақ № | Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері | Арттыру % | Аймақ № | Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері | Арттыру% |
1. | 1,367 | + 36,7 | 14 | 1,378 | + 37,8 | 27. | 1,323 | + 32,3 |
2. | 1,337 | + 33,7 | 15 | 1,347 | + 34,7 | 28. | 1,292 | + 29,2 |
3. | 1,361 | + 36,1 | 16 | 1,324 | + 32,4 | 29. | 1,282 | + 28,2 |
4. | 1,308 | + 30,8 | 17 | 1,326 | + 32,6 | 30. | 1,291 | + 29,1 |
5. | 1,357 | + 35,7 | 18 | 1,414 | + 41,4 | 31. | 1,344 | + 34,4 |
6. | 1,368 | + 36,8 | 19 | 1,500 | + 50,0 | 32. | 1,345 | + 34,5 |
7. | 1,363 | + 36,3 | 20 | 1,455 | + 45,5 | 33. | 1,300 | + 30,0 |
8. | 1,399 | + 39,9 | 21 | 1,329 | + 32,9 | 34. | 1,335 | + 33,5 |
9. | 1,350 | + 35,0 | 22 | 1,287 | + 28,7 | 35. | 1,333 | + 33,3 |
10. | 1,295 | + 29,5 | 23 | 1,311 | + 31,1 | 36. | 1,348 | + 34,8 |
11. | 1,327 | + 32,7 | 24 | 1,494 | + 49,4 | 37. | 1,280 | + 28,0 |
12. | 1,325 | + 32,5 | 25 | 1,368 | + 36,8 | 38. | 1,280 | + 28,0 |
13. | 1,293 | + 29,3 | 26 | 1,389 | + 38,9 |
Мысал үшін 1 аймақ бойынша, + 36,7 % арттырылуы:
8,2 теңге/ш.м. - Семей қаласы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемесі
8,2 теңге/ш.м. х 1,367=11,21 теңге/ш.м.;
11,21 теңге /ш.м. - 8,2 теңге/ш.м. = + 3,01 теңге;
+ 3,01 : 8,2 х 100 %= + 36,7 %.
2018 жылғы 29 қарашадағы № 30/197-VI шешіміне 2-қосымша |
Семей қаласы бойынша елді мекендерінің жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету коэффициенттері (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда)
Реттік № | Ауылдық округтар, елді мекендер | Жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері | Азайту және арттыру % |
1. | Қараөлең | ||
Қайнар ауылы | 0,8 | - 20,0 | |
Қараөлең ауылы | 0,7 | -30,0 | |
2. | Алғабас | ||
Алғабас ауылы | 0,8 | -20,0 | |
3. | Абыралы | ||
Абыралы ауылы | 0,85 | - 15,0 | |
4. | Ақбұлақ | ||
Ақбұлақ ауылы | 0,85 | - 15,0 | |
Социалистик Қазақстан ауылы | 0,85 | - 15,0 | |
5. | Айнабұлақ | ||
Айнабұлақ ауылы | 0,9 | -10,0 | |
Самай ауылы | 0,7 | -30,0 | |
6. | Жиенәлі | ||
Бөкенші ауылы | 1,1 | +10,0 | |
Маралды ауылы | 0,9 | -10,0 | |
7. | Достық | ||
Достық ауылы | 1,1 | +10,0 | |
Чекоман ауылы | 0,9 | -10,0 | |
8. | Знаменка | ||
Знаменка ауылы | 1,05 | +5,0 | |
Қыземшек ауылы | 0,9 | -10,0 | |
Жазық ауылы | 1,05 | +5,0 | |
9. | Ертіс | ||
Мұкыр ауылы | 1,5 | +50,0 | |
Мұрат ауылы | 1,25 | +25,0 | |
Крупская ауылы | 1,25 | +25,0 | |
Прииртышье ауылы | 1,25 | +25,0 | |
Кенжебай ауылы | 1,1 | +10,0 | |
10. | Приречный | ||
Приречное ауылы | 1,5 | +50,0 | |
Гранитное ауылы | 1,25 | +25,0 | |
Мұздыбай ауылы | 1,1 | +10,0 | |
Жарқын ауылы | 0,8 | -20,0 | |
Шөптігақ ауылы | 0,85 | -15,0 | |
11. | Озерки | ||
Озерки ауылы | 1,5 | +50,0 | |
Қаштақ ауылы | 1,25 | +25,0 | |
Половинки ауылы | 1,05 | +5,0 | |
Тепқаші ауылы | 1,05 | +5,0 | |
Талица ауылы | 0,9 | -10,0 | |
Қаракөл ауылы | 0,9 | -10,0 | |
Кіші Ақтөбе ауылы | 1,2 | +20,0 | |
12. | Новобаженово | ||
Новобаженово ауылы | 1,0 | 0 | |
Климентьевка ауылы | 0,85 | -15,0 | |
Бұлақ ауылы | 0,85 | -15,0 | |
13. | Шаған кенті | 1,05 | +5,0 |
14. | Шүлбі кенті | 1,5 | +50,0 |
Мысал үшін Қайнар ауылы бойынша, азайтылуы - 20,0 %:
0,48 теңге/ш.м - ауылдар бойынша жер салығының базалық мөлшерлемесі.
0,48 теңге/ш.м х 0,8 = 0,384 теңге/ш.м;
0,384 теңге/ш.м - 0,48 теңге/ш. м = - 0,096 теңге/ш.м;
- 0,096 : 0,48 х 100 %= - 20,0 %.
Мысал үшін Шүлбі кенті бойынша, + 50,0 % арттырылуы:
0,96 теңге/ш.м - кенттер бойынша жер салығының базалық мөлшерлемесі.
0,96 теңге/ш.м х 1,5 = 1,44 теңге/ш. м;
1,44 теңге /ш.м - 0,96 теңге/ш.м = + 0,48 теңге/ш.м;
+ 0,48 : 0,96 х 100%= + 50,0 %.