Риддер қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 14 ақпандағы № 148 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 28 ақпанда № 5500 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 172 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 26.08.2024 № 172 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Риддер қаласы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Б. Құрманбаевқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Риддер қаласының әкімі Ж. Мұратов

  Риддер қаласы әкімдігінің
2018 жылғы "14" ақпан
148 қаулысына қосымша

Риддер қаласының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін

таза кіріс сомасынан 5 пайыз

таза кіріс 3 000 001 теңгед ен 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз

таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 тенге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз

таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 тенге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз

таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 тенге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз

таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 тенге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады