Бесқарағай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 22/7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 25 сәуірде № 5-7-122 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 51/3-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық мәслихатының 16.04.2020 № 51/3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2020 бастап туындаған қатынастарға тарайды).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына, 704-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Бесқарағай ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 503 бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 704 бабында белгіленген бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.

      2. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 1 шілдедегі № 4/9-VІ "Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Бесқарағай ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4636 нөмірімен тіркелген, "Бесқарағай тынысы" газетінің 2016 жылғы 17 тамыздағы № 68 санында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
Бесқарағай аудандық
мәслихатының хатшысы
Қ. Садықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады