РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8-бабының 2-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Бесқарағай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бесқарағай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Бесқарағай ауданының жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері 2, 3 қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
3. Бесқарағай аудандық мәслихатының 2017 жылғы 21 қарашадағы № 16/3-VІ "Бесқарағай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5324 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 20 желтоқсанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, Бесқарағай аудандық мәслихатының хатшысы |
Қ. Садықов |
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 22/8-VI шешіміне 1 қосымша |
Бесақарағай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі№ 22/8-VI шешіміне 2 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының жер телімдеріне базалық салық мөлшерлемелерінің түзету коэффициенттері (ауылдық елді мекендердің жерлерінен басқа)
Аймақтардың № | Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенті | Аймаққа кіретін кадастрлық кварталдардың атауы және нөмірі |
І | 1,3-1,5 |
05-240-006 Ерназар а/о, Балапан учаскесі- 1,38 |
ІІ | 1,1-1,3 |
05-240-017 Қарабас а/о, орман учаскесі – 1,26 |
ІІІ | 0,9-1,1 |
05-240-006 Ерназар а/о, бұрынғы КСРО-ның 50 жылдығы атындағы ұжымшар – 0,92 |
ІV | 0,7-0,9 |
05-240-007 Ерназар а/о, бұрынғы Бесқарағай кеңшары, 2 уч-сі– 0,73 |
V | 0,5-0,7 |
05-240-006 Ерназар а/о, Саргамыс учаскесі- 0,5 |
Бесқарағай аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 сәуірдегі № 22/8-VI шешіміне 3 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданының ауылдық елді мекендерінің жер телімдеріне базалық салық мөлшерлемелерінің түзету коэффициеттері
Аймақтардың № | Жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенті | Аймаққа кіретін ауылдық елді мекендердің атауы және нөмірі (ауылдық округтер бойынша) |
І | 1.3-1.5 |
Бесқарағай ауылы -1,5 |
ІІ | 1.1-1.3 |
Ерназар ауылы - 1.12 |
ІІІ | 0.9-1.1 |
Қоянбай ауылы – 0.93 |
ІV | 0.7-0.9 |
Морозов орманшаруашылығы ауылы – 0.85 |
V | 0.5-0.7 |
Жандос ауылы – 0.5 |