Ескерту. Күші жойылды - Абай облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 21.10.2022 № 22-8-VII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509- бабының 5- тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын Бородулиха ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 503- бабымен белгіленген жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есеге арттырылсын.
2. "Бородулиха ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмайтын жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы" Бородулиха аудандық маслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 8-7-VI (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4857 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 ақпанда, "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде 2017 жылғы 3 ақпанда жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | В. Ежова |
Аудандық мәслихат хатшысы | У. Майжанов |