Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округінің елді мекендерінде шектеу іс – шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының Новодворовска ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 21 маусымдағы № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бородулиха ауданындағы Әділет басқармасында 2018 жылғы 28 маусымда № 5-8-161 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды- Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің 07.11.2018 № 2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 – 1 бабының 7-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес және Бородулиха ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2018 жылғы 31 мамырдағы № 367 ұсынысы Новодворовка ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі Ивановка ауылы "Мукат" шаруа қожалығы, "Арман" шаруа қожалығы, Сосновка ауылы, подхоз Березовка, "Жумагулов" шаруа қожалығы, санаторий Березовка, елді мекендерінде ірі қара мал арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринарлық- санитарлық іс – шараларды жүргізу және ошақты жою үшін шектеу іс – шаралары енгізілсін.

      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новодворовка ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы әкімнің шешімі мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

      3) осы шешім мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Бородулиха ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      4) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Бородулиха ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Новодворовка ауылдық
округінің әкімі
А. Камилаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады