"Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/16-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 сәуірде № 5579 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 34/8-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық мәслихатының 18.09.2019 № 34/8-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 - бабының 2-3 - тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Глубокое аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 26/5-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3337 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 мамырдағы "Ақ бұлақ", "Огни Прииртышья" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген, Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      6 – тармақтың 10)-тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:

      "10) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;";

      7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "7. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінде белгіленсін.";

      10-2-тармағымен келесі мазмұнда толықтырылсын:

      "10-2. Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай нәтижесінде өмірлік қиын жағдай туындаған кезде зардап шеккен азаматтарға біржолғы әлеуметтік көмек жұмылдыра дайындау, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы бас маманның берген Глубокое аудандық әкімдігі бекіткен тізім бойынша алушыдан өтініш талап етпей 20000 теңге мөлшерінде көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы Г. Абильмажинова
      Глубокое аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады