"Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы № 7/6-VІ Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы № 20/19-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 2 сәуірде № 5581 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50 - бабының 2 - тармағына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Глубокое ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері туралы" 2016 жылғы 30 қарашадағы № 7/6-VІ Глубокое аудандық мәслихатының шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4793 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 - бабының 1 - тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 - тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Глубокое аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы Г. Абильмажинова
      Глубокое аудандық мәслихатының хатшысы А. Баймульдинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады