Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 10.07.2018 № 23/207-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабының 2, 3-тармақтарына, "Құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26, 49-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларын бекiту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 21/185-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3447 болып тіркелген, "Қалба тынысы" газетінің 2014 жылғы 21 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кеиін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Сессия төрағасы | А. Сахметжанова |
Мәслихат хатшысы | А. Сахметжанова |
Жарма ауданы мәслихатының 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 20/183-VІ шешіміне қосымша |
|
Жарма аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 шілдедегі № 21/185-V шешімімен бекітілді |
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында (бұдан әрі – Қағидалар) пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Жарма аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;
4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;
5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
6) орталық атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган;
7) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;
8) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;
10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.
2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Жарма ауданының жергілікті атқарушы органдары мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.
3. Осы Қағидалар Жарма ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.
4. Адамға (отбасына) әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді көрсетіледі.
5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.
2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеудің тәртібі
6. Адам (отбасы) өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін негіздер:
1) жетімдерге;
2) ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарға;
3) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз қалуы, оның ішінде девианттық мінез-құлықты;
3-1) кәмелетке толмағандардың ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында болуы;
4) үш жасқа дейінгі балалардың туғаннан бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктерінен шектелгендерге;
5) дене және (немесе) ақыл-ой мүмкіндіктеріне байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылғандарға;
6) әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың салдарынан тыныс-тіршіліктен шектелгендерге;
7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтындарға;
8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке шалдыққандарға;
9) баспанасыз қалғандарға (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға);
10) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға;
11) пробация қызметінің есебінде болу негіздері бойынша өмірлік қиын жағдайда деп танылуы мүмкін;
12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болу негіздері бойынша қиын өмірлік жағдайға түскен мұқтаж тұлғаларға (отбасыларға);
13) белгіленген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдарға (отбасыларға) көрсетіледі.
7. Жан басына шаққандағы орташа табыстың шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің бір еселік мөлшерінде белгіленсін.
8. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 50 (елу) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
9. Түберкүлезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға табыстарын есептеусіз ай сайынғы әлеуметтік көмек (жол жүрулеріне және қосымша азықтарына) – айына 6(алты)айлық есеп көрсеткіш беріледі.
10. Үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алушы жалғызілікті қарттарға (мүгедектерге) табыстарын есептеусіз ай сайынғы (санитарлық-гигиеналық іс шаралар өткізуге) – айына 1 айлық есептік көрсеткішкөлемінде әлеуметтік көмек беріледі.
11. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың мынадай санаттарына көрсетіледі:
1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан – басқа мемлекеттердің аумақтарындағы ұрыс қимылдарға қатысушыларға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқасымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
төрт және де одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:
1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға – 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш;
Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдарға – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;
1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
4) Жеңіс күні – 9 мамыр:
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 215 (екі жүз он бес) айлық есептік көрсеткіш;
қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіш;
қайтыс болған Ұлы Отан соғыс мүгедектерiнiң қайталап некеге отырмаған әйелдерiне – 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға – 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш;
Ұлы Отан соғысы кезінде 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) адамдарға – 4,5 (төрт бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш;
5) 31 мамыр – "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні" саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының, сондай-ақ зардап шеккен адамдарға – 4,5 (төрт бүтін оннан бес) айлық есептік көрсеткіш.
3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi
12. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардыңұсынымы бойынша Жарма ауданының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.
13. Төлемді ай сайынғы әлеуметтік көмек "Шар қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның және "Жарма орталық аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның түберкүлезбен ауыратын және амбулаториялық емделуде тұрған азаматтарға бірінші басшыларымен бекітілген тізім бойынша көрсетіледі.
14. Төлемді ай сайынғыәлеуметтік көмек "Жарма ауданының жұмеспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысымен бекітілген тізім бойыншаүй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет алушы жалғызілікті қарттарға (мүгедектерге) көрсетіледі.
15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округтың әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды:
1) жеке басын куәландыратын құжатты;
2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжатты;
3) осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;
4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтердi;
5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын актiнi және/немесе құжатты ұсынады.
16. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
17. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе қала, кент, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
18. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаралдың 2, 3-қосымшаларынаа сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе қала, кент, ауылдық округ әкіміне жібереді.
Қала, кент, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.
19. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.
20. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.
21. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе қала, кент, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
22. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.
23. Уәкiлеттi орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш берушiнiң құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
Осы Қағидалардың 19 және 20 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе қала, кент, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.
24. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.
25. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:
1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;
2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;
3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтiк көмек көрсету үшiн жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
26. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетiнде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер
27. Әлеуметтік көмек:
1) алушы қайтыс болғанда;
2) алушы Жарма ауданының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;
3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;
4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.
Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
28. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Рсепубликасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіпте қайтаруға жатады.
5. Қорытынды ереже
29. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 1-қосымшасы |
|
Отбасыны тiркеу нөмiрi _______ |
Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер
_________________________ ________________________
(Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә.) (үйiнiң мекенжайы, тел.)
Р/с | Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Туған жылы |
Өтiнiш берушiнiң қолы __________________ Күнi ______________
Отбасының құрамы туралы
мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
(қолы)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 2-қосымшасы |
Өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТIСI
20__ ж. "___" _______
_____________________
(елдi мекен)
1. Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. ____________________________________
2. Тұратын мекенжайы__________________________________________
3. Өтiнiш берушi әлеуметтiк көмекке өтiнiш берген туындаған өмiрлiк қиын жағдай
_____________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледi) ______
адам, оның iшiнде:
Р/с | Т.А.Ә. | Туған күнi | Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқуорны) | Жұмыспен қамтылмау себебi | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсiптiк даярлығы (қайта даярлау, бiлiктiлiгiн арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсендi шараларына қатысуы туралы мәлiметтер | Өмiрлiк қиын жағдай |
Еңбекке жарамды барлығы _________________________________ адам.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретiнде тiркелгендерi ____адам.
Балалардың саны:
______________________________________________
жоғары және орта оқу орындарында ақылы негiзде оқитындар ______адам, оқу құны жылына ______ теңге.
Отбасында Ұлы Отан соғысы нақаты сушылардың, Ұлы Отан соғысы мүгедектерiнiң, Ұлы Отан соғысына қатысушыларына және Ұлы Отан соғысы мүгедектерiне теңестiрiлгендердiң, зейнеткерлердiң, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтiк маңызы бар аурулары (қатерлi iсiктер, туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы) бар адамдардың, мүгедектердiң, мүгедек балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу керек)
5. Өмiр сүру жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендiрiлген тұрғын үй, қызметтiк тұрғын үй, тұрғын үй кооперативi, жеке тұрғын үй немесе өзгеше – көрсету керек):
_____________________________________________________________________
Тұрғын үйдi ұстауға арналған шығыстар:
_________________________________________________________________
_____________________________________________________________
Отбасының табысы:
Р/с | Табысы бар отбасымүшелерiнiң (оның iшiнде өтiнiш берушiнiң) Т.А.Ә. | Табыстүрi | Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге) | Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, малы жәнеқұсы), саяжай және жер учаскесi (жерүлесi) турал ымәлiметтер | |
тоқсанға | орта есеппен айына | ||||
6. Мыналардың:
автокөлiгiнiң болуы (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретiн құжат, оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)
__________________________________________________________________
________________________________________ қазiргi уақытта өздерi тұрып жатқаннан бөлек өзге де тұрғын үйдiң болуы (оны пайдаланғаннан түскен мәлiмделген табыс)
__________________________________________________
_____________________________________________________________________
7. Бұрын алған көмегi туралы мәлiметтер (нысаны, сомасы, көзi):
_____________________________________________________________________
8. Отбасының өзге де табыстары (нысаны, сомасы, көзi):
__________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
9. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киiммен, аяқкиiммен қамтамасыз етiлуi ___________________________________________________
10. Тұратын жерiнiң санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы _____
Комиссия төрағасы:
________________________ ________________________
Комиссия мүшелерi:
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
________________________ ________________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Жасалған актiмен таныстым: ____________________________________
Өтiнiш берушiнiң Т.А.Ә. және қолы
Тексеру жүргiзiлуден бас тартамын ______________________
Өтiнiш берушiнiң (немесе отбасы мүшелерiнiң бiрiнiң) Т.А.Ә. және қолы, күнi_______________________________________________________
(өтiнiш берушi тексеру жүргiзуден бас тартқан жағдайда толтырылады)
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларының 3-қосымшасы |
Учаскелiк комиссияның № ______ қорытындысы
20__ ж. ___ ______ |
Учаскелiк комиссия Әлеуметтiк көмек көрсету, оның мөлшерлерiн белгiлеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындау қағидаларына сәйкес өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш берген адамның (отбасының) __________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты)
өтiнiшiн және оған қоса берiлген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтiнiш берушiнiң (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерiнiң негiзiнде
(қажеттiлiгi, қажеттiлiктiң жоқтығы)
адамға (отбасыға) өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек ұсыну туралы қорытынды шығарады
Комиссия төрағасы: __________________ _______________________
Комиссия мүшелерi: __________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
__________________ _______________________
(қолдары) (Т.А.Ә.)
Қорытынды
Қоса берiлген құжаттармен ___ данада
20__ ж. "___" ___________ қабылданды
Құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкiмiнiңнемесе
уәкiлеттi орган қызметкерiнiң Т.А.Ә., лауазымы, қолы __________