Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 қаңтардағы № 12 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 ақпанда № 4882 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 10 сәуірдегі № 92 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 10.04.2018 № 92 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 6) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сәйкес, мөлшерінде белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С. Брынзовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Н. Сыдықов

  Жарма ауданы әкімдігінің
2017 жылғы 11 қаңтардағы
№ 12 қаулысына
қосымша

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар

Квота мөлшері (%)

елуден жүз адамға дейін

2

жүзден екі жүз елу адамға дейін

3

екі жүз елуден артық адам

4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады