2018 жылы Жарма ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 қаңтардағы № 18/158-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 24 қаңтарда № 5468 болып тіркелді. Күші жойылды - Жарма аудандық мәслихатының 2018 жылғы 21 желтоқсандағы № 28/247-IV шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының 21.12.2018 № 28/247-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Занының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Аграрлық өнеркәсіп кешені және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшен келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" бұйырығына сәйкес, Жарма аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жарма ауданының ауылдық елді мекендеріне  жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамтамасыз ету, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2018 жылы келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:

      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік көмек айқындалсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Сессия төрағасы Э. Мурумбаев
      Жарма аудандық
мәслихатының хатшысы
А. Сахметжанова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады