Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Жарма ауданы Суықбұлақ кентінің Новотаубинка ауылында шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" Жарма ауданының Суықбұлақ кенті әкімінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 1 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық Суықбұлақ кенті әкімінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Жарма аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 2 мамырда № 5-10-138 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46 бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жарма аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 29 наурыздағы № 87 ұсынысы негізінде, Суықбұлақ кентінің әкімі ШЕШТІ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Жарма ауданының Суықбұлақ кентінің Новотаубинка ауылында шектеу iс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Жарма ауданы Суықбұлақ кенті әкімінің 2017 жылғы 29 мамырдағы № 1 "Жарма ауданының Суықбұлақ кентінің Новотаубинка ауылында шектеу iс-шараларын белгiлеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5105 тіркелген, 2017 жылы 21 шілдесінде "Қалба тынысы" аудандық газетінде және 2017 жылы 8 тамызында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Суықбұлақ кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен бекітілген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілінде, қағаз және электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бағалау бланкіне ресми жариялау мен енгізу үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Республикалық құқықтық ақпарат орталығына" жіберуді;

      3) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы шешімінің көшірмесін Қазақстан Республикасының Үкметі айқындайтын тәртіппен, конкурстық негізде осындай құқық алған мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді.

      4) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Жарма ауданы әкімдігінің интернет-желісінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау "Суықбұлақ кенті әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің бас маманы С.Токтарбаеваға жүктелсін.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Суықбұлақ кентінің әкімі А. Юсупов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады