"Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 6 наурыздағы Зайсан аудандық мәслихатының № 23-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 9 сәуірдегі № 24-9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 3 мамырда № 5-11-156 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 мамырдағы № 22/4-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 23.05.2024 № 22/4-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 Қаулысына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 6 наурыздағы Зайсан аудандық мәслихатының № 23-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3217 нөмірімен тіркелген, аудандық "Достық" газетінің 2014 жылғы 12 сәуірінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында":

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "9. Атаулы күндер мен мереке күндеріне бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

      1) Ауғанстан аумағынан әскерлерді шығару күні, интернационалист - жауынгерлерді еске алу күні – 15 ақпан, басқа мемлекеттердiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларға, атап айтқанда:

      - бұрынғы КСР Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде), жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi, Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлерге - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      - бұрынғы КСР Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      - Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасына - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

      - "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқасымен, І мен ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған көп балалы аналарға – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      - төрт және одан аса бірге тұратын кәмелетке толмаған, соның ішінде жалпы білім беретін және орта күндізгі оқыту нысандарындағы ұйымдарда, күндізгі оқыту нысанында жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында оқитын (кәмелетке толғаннан кейінде – оқу орындарын аяқтаған мерзімге дейін, бірақ 23 жастан аспайтын жасқа дейінгі) балалары бар көп балалы отбасыларға – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

      - 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдарға – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      - Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балаларына – 25 айлық есептік көрсеткіш;

      - Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      - 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-iндегi апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға - 35 айлық есептік көрсеткіш;

      4) Жеңіс күні – 9 мамыр:

      - Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына – 215 айлық есептік көрсеткіш;

      - қайталап некеге отырмаған Ұлы Отан соғысы уақытында қаза тапқан әскери қызметшілердің зайыптарына – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      - Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталғандарға – 4.5 айлық есептік көрсеткіш;

      5) Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр:

      - Саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен тұлғаларға – 4,5 айлық есептік көрсеткіш.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы О. Шәріпбеков
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады