"Зайсан аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемеcінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 32-8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 11 желтоқсанда № 5-11-179 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 56-8/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 26.06.2020 № 56-8/6 шешімімен (05.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 30-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 8-бабының 3-тармағының 7) тармақшасына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес "Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес "Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерінің сипаттамасы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ф. Мұхаметқалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Д. Ыдырышев

  Зайсан аудандық мәслихатының
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 32-8 шешіміне
1 қосымша

"Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы "Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген және "Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктерді беру тәртібін белгілейді.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) мемлекеттік қызметшінің атқарып отырған лауазымын растайтын ресми құжат болы табылады.

2. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      3. Қызметтік куәлік мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілеріне – Зайсан аудандық мәслихатының хатшысының қолы қойылып беріледі.

      4. Қызметтік куәліктер мемлекеттік қызметшілерге лауазымға тағайындалғанда, лауазымы ауысқанда, және де бұған дейін берілген куәліктің мерзімі өткен, жоғалған, бүлінген жағдайда үш жылға беріледі.

      Мемлекеттік қызметшілер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымша нысан бойынша "Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

      5. Қызметтік куәліктер және қызметтік куәлікті беруді есепке алу журналы мемлекеттік мекеменің кадр қызметкерінің сейфінде сақталады.

      6. Мемлекеттік қызметшілер жұмыстан босатылғанда, лауазымдарын ауыстырғанда сәйкес акті шыққан күннен кейінгі үш жұмыс күн ішінде қызметтік куәліктерін мемлекеттік мекеменің кадр қызметкеріне тапсырады.

      7. Қызметкерлер жұмыстан босатылған, лауазымын ауыстырған, жарамдылық мерзімі өткен, немесе бүлінген кезде тапсырған қызметтік куәліктері мемлекеттік мекеменің кадр қызметкерімен еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, бір жылда бір рет жойылуға жатады.

      Мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылған кезде қызметтік куәлікті тапсырғаннан кейін, оның кету парағына мемлекеттік мекеменің кадр қызметкерінің қолы қойылады.

      8. Қызметтік куәлікті жарамдылық мерзімі өткен, бұған дейін берілген куәлік бүлінген жағдайда ауыстыру кезінде (осы Қағиданың 4-тармағында көрсетілген), бұрын берілген қызметтік куәлікті мемлекеттік мекеменің кадр қызметкерімен қайтарылып алынады.

      9. Қызметтік куәлік жоғалған жағдайда оның иесі дереу мемлекеттік мекеменің кадр қызметкерін жазбаша (еркін) нысанда хабардар етеді және жоғалтылған қызметтік куәліктің жарамсыз екендігі туралы тиісті аумақта таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру береді.

      10. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, оны ықылассыз сақтаудың, және де басқа адамдарға берудің немесе қызметтік куәлікті мақсатына сай пайдаланбаудың салдарынан бүлдірудің әрбір фактісі бойынша мемлекеттік мекеменің кадр қызметкері белгіленген тәртіпте кінәлі адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарастырады.

      11. Мемлекеттік мекеменің кадр қызметкері жыл сайын, 1 қаңтардағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      12. Қызметтік куәліктерін толтыру, рәсімдеу, есепке алу, беру, сақтау және жою тәртібін жалпы бақылауды мемлекеттік мекеменің басшысы жүзеге асырады.

  "Зайсан аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік қызметшілеріне
қызметтік куәлік беру
қағидаларына қосымша
Үлгі

Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беруді және қайтаруды есепке алу журналы

    №

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, Аты, Жөні (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Жарамдылық мерзімі

Алғаны жөнінде жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстыруы және тапсырғаны, (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы жоғалуы туралы белгі)

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе











      Ескертпе: мемлекеттік қызметшілерге қызметтік куәлік беру және қайтаруды есепке алу журналы тігіліп, нөмірленіп және мемлекеттік мекеменің мөрімен расталады.

  Зайсан аудандық мәслихатының
2018 жылғы 29 қарашадағы
№ 32-8 шешіміне
2 қосымша

"Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Куәлік мұқабасының көлемі 21х7 мм. (ашып көрсетілген түрінде), қою көк түсті экобылғарыдан немесе жоғары сапалы жасанды былғарыдан жасалған.

      2. Куәліктің сыртқы бетінің ортасында (бүктелген түрінде) алтын түсті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі орналасқан, одан төмен осы "Зайсан аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәлігінің сипаттамасына (бұдан әрі - қызметтік куәлік сипаттамасы) 1-қосымшаға сәйкес үлгіде "КУӘЛІК" деген типографиялық қаріппен жазба жазылады.

      3. Куәліктің оң және сол ішкі жағында: ақ түсті фонда шеңберде орналасқан күн мен қалықтаған қыранның жасырын формасын қолдана отырып көгілдір түсті қорғаныштық тангир бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде тиісті мемлекеттік органның атаулары (мемлекеттік және орыс тілдерінде), одан төмен мәтіннен қызыл түсті үзік жолақпен бөлектелген "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", "РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН" деген жазулар орналастырылған, төменгі жағында осы қызметтік куәлік сипаттамасына 2-қосымшаға сәйкес үлгіде куәліктің нөмірі, мемлекеттік қызметшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атқаратын лауазымы көрсетіледі.

      4. Сол жағында: көлемі 3х4 мм. фотосурет (қарсы алдынан түсірілген, түрлі-түсті), мемлекеттік мекеменің басшысының қолымен және елтаңбалы мөрмен расталған осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік тілдегі мәтін.

      5. Оң жағында: көгілдір түсті фонда көлемі 3х4 мм. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі, елтаңбаның төменгі жағында "ҚАЗАҚСТАН" деген жазу және осы қызметтік куәлік сипаттамасының 3-тармағына сәйкес орыс тіліндегі мәтін. Төменгі жағында мемлекеттік және орыс тілдерінде куәліктің жарамдылық мерзімі көрсетіледі.

  "Зайсан аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметшілерінің қызметтік
куәлігінің сипаттамасына
1 қосымша

Куәлік мұқабасы




  "Зайсан аудандық
мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
қызметшілерінің қызметтік
куәлігінің сипаттамасына
2 қосымша

Куәліктің ішкі бөлігі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады