Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі "Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" № 28-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 32-7 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Зайсан аудандық Әділет басқармасында 2018 жылғы 12 желтоқсанда № 5-11-182 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 11 марта 2024 года № 01-03/VIII-19/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық мәслихатының 11.03.2024 № 01-03/VIII-19/1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабына сәйкес Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Зайсан аудандық мәслихатының 2018 жылғы 5 шілдедегі "Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" №28-1 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5-11-162 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 11 тамызда "Достық" газетінде және 2018 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің 1 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.";

      аталған шешіммен бекітілген "Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентінің":

      1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Зайсан ауданының аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтердің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламенті "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39–3–бабының 3-1-тармағына, "Жергілікті қоғамдастық жиналысының үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №295 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15630 нөмірімен тіркелген) сәйкес әзірленді.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Ф.Мұхаметқалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Д.Ыдырышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады