Ескерту. Күші жойылды – Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 28.03.2022 № 160 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 529-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 12 қарашадағы "Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 475 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 17847 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес, Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес, Зайсан ауданының елді мекендеріндегі салық салу объектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті бекітілсін.
2. "Зайсан ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Зайсан ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;
4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Зайсан ауданы әкімдігінің интернет - ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары А. Кусаиновқа жүктелсін.
4. Осы қаулы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т. Қасымжанов |
"КЕЛІСІЛДІ" Зайсан ауданы бойынша мемлекетік кірістер басқармасының басшысы |
М. Зкриянов |
Зайсан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "27" желтоқсандағы № 963 қаулысына 1 қосымша |
Зайсан қаласын салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Аймақтар | Аймаққа бөлу коэффициенті |
1 | 1-аймақ | 2,20 |
2 | 2-аймақ | 2,20 |
3 | 3- аймақ | 2,20 |
4 | 4- аймақ | 2,20 |
5 | 5- аймақ | 2,20 |
6 | 6- аймақ | 2,20 |
7 | 7- аймақ | 2,20 |
8 | 8- аймақ | 2,10 |
9 | 9- аймақ | 2,10 |
10 | 10- аймақ | 2,10 |
11 | 11- аймақ | 2,10 |
12 | 12- аймақ | 2,10 |
13 | 13- аймақ | 2,0 |
14 | 14- аймақ | 2,0 |
15 | 15- аймақ | 2,0 |
16 | 16- аймақ | 2,0 |
17 | 17- аймақ | 2,0 |
18 | 18- аймақ | 2,0 |
19 | 19- аймақ | 2,0 |
20 | 20- аймақ | 1,90 |
21 | 21- аймақ | 1,90 |
22 | 22- аймақ | 1,90 |
23 | 23- аймақ | 1,90 |
Зайсан ауданы әкімдігінің 2018 жылғы "27" желтоқсандағы № 963 қаулысына 2 қосымша |
Зайсан ауданының елді мекендеріндегі салық салу обьектілерінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициенті
№ | Елді мекен атауы | Аймаққа бөлу коэффициенті |
Айнабұлақ ауылдық округі | ||
1 | Айнабұлақ | 1,65 |
2 | Қайнар | 1,10 |
3 | Жаңатұрмыс | 1,15 |
4 | Шүршітсу | 0,95 |
5 | Талды | 0,90 |
6 | Сарытұмсық | 0,95 |
Біржан ауылдық округі | ||
7 | Біржан | 1,65 |
8 | Қуаныш | 1,15 |
9 | Ақарал | 0,95 |
Дайыр ауылдық округі | ||
10 | Дайыр | 1,65 |
11 | Жамбыл | 1,15 |
12 | Көкжыра | 1,15 |
Қаратал ауылдық округі | ||
13 | Қаратал | 1,65 |
14 | Үлкен Қаратал | 1,15 |
15 | Қабырғатал | 0,95 |
16 | Жіңішкесу | 0,95 |
17 | Қосқора | 0,95 |
Сарытерек ауылдық округі | ||
18 | Сарытерек | 1,65 |
19 | Көгедай | 1,15 |
20 | Шалқар | 1,10 |
21 | Жаңабаз | 0,95 |
22 | Аққойын | 0,95 |
Қарабұлақ ауылдық округі | ||
23 | Қарабұлақ | 1,65 |
24 | Дауал | 0,95 |
25 | Сәтбай | 0,95 |
26 | Мұқашы | 0,95 |
Кеңсай ауылдық округі | ||
27 | Кеңсай | 1,65 |
28 | Жарсу | 1,15 |
29 | Бақасу | 1,15 |
30 | Саржыра | 1,15 |
31 | Сарши | 0,90 |
Шілікті ауылдық округі | ||
32 | Шілікті | 1,60 |
33 | Тасбастау | 1,15 |
34 | Жалши | 1,15 |
35 | Какенталды | 0,95 |
36 | Қарасай | 1,10 |