РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2018 жылғы 20 наурыздағы № 54 ұсынысы негізінде Қаратал ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан ауданының Қаратал ауылдық округіндегі Қаратал ауылында шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.
2. Зайсан ауданы Қаратал ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 10 қазандағы № 3 "Қаратал ауылдық округіндегі Қаратал ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылғы 30 қазанда № 5263 болып тіркелген, 2017 жылғы 13 қыркүйекте аудандық "Достық" газетінің № 69 санында және 2017 жылғы 30 қазанда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі | Қ. Каримов |