Шектеу іс-шараларын тоқтату және "Зайсан қала округінің "Бакытжан" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан қаласы әкімінің 2017 жылғы 10 қарашадағы № 5 шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы әкімінің 2018 жылғы 8 қаңтардағы № 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қаңтарда № 5457 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Зайсан ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 415 ұсынысы негізінде Зайсан қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ірі қара малдардың бруцеллез ауруының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеніне байланысты Зайсан қала округінің "Бақытжан" шаруа қожалығының шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. "Зайсан қала округінің "Бақытжан" шаруа қожалығына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" Зайсан қаласы әкімінің 2017 жылғы № 5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5296 болып тіркелген, 2017 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Зайсан қала әкімі А. Дутбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады