Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 15.01.2019 № 43/3-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Зырян ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2015 жылғы 17 шілдедегі № 45/3-V (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4103 тіркелген, "Менің өлкем" газетінде 2015 жылғы 20 тамызда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 8-бабының 2-тармағына, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 510-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Зиннуров |
Зырян ауданының мәслихат хатшысы |
Л. Гречушникова |