Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 24.07.2018 № 254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-бөлігі 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабы 7), 8), 9) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1), 14-3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 24.07.2018 № 254 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
4. Осы оның қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Зырян ауданының әкімі | Н. Токсеитов |
Зырян ауданы әкімдігінің 19 наурыздағы № 92 қаулысына 1 қосымша |
2018 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р/с | Ұйымның аталуы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан квота мөлшері (%) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының "Зырян ауданының орталық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 1071 | 1% |
2 | "Зырян ауданының мүгедектер және қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 158 | 1% |
3 | Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының "№ 1 түзеу мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 103 | 1% |
Зырян ауданы әкімдігінің 19 наурыздағы № 92 қаулысына 2 қосымша |
2018 жылға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р\с | Ұйымның аталуы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан квота мөлшері ( % ) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | "Фаворит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 209 | 1% |
2 | "Зырян Тәртіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 69 | 1% |
3 | Зырян ауданы әкімдігінің "Зырян көпсалалы пайдалану кәсіпорны" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 861 | 1% |
Зырян ауданы әкімдігінің 19 наурыздағы № 92 қаулысына 3 қосымша |
2018 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№ р\с | Ұйымның аталуы | Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам) | Жұмыскерлердің тізімдік санынан квота мөлшері ( % ) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Зырян ауданы әкімдігінің "Зырян көпсалалы пайдалану кәсіпорны" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 861 | 1% |
2 | "Фаворит" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 209 | 1% |
3 | "Зырян Тәртіп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 69 | 1% |
4 | "Зырян орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 161 | 1% |