РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсанындағы Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысы және Никольск селолық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып, Никольск селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Зырян ауданының Никольск селолық округі Никольск ауылындағы көшелерінің атауы:
1) Совхозная көшесі Независимости көшесі болып;
2) Советская көшесі Достық көшесі болып;
3) Пролетарская көшесі Родниковая көшесі болып қайта аталысын.
Зырян ауданының Никольск селолық округі Бородино ауылындағы Совхозный тұйық көшесі Школьный тұйық көшесі болып қайта аталысын.
Зырян ауданының Никольск селолық округі Кремнюха ауылындағы Советская көшесі Бірлік көшесі болып қайта аталсын.
2. "Никольск селолық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Зырян ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) әкімнің осы шешімі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрде көшірмесін жіберуді;
3) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Зырян ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Никольск селолық округінің әкімі | Б. Кабулов |