РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабы 2 -тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 15 маусымдағы қорытындысына сәйкес және Тұрғысын ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Тұрғысын селолық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Зырян ауданы Тұрғысын селолық округінің Тұрғысын ауылының көшелерінің атауы:
1) Коммунарлар көшесі Достық көшесі болып;
2) Краснознаменная көшесі Алтай көшесі болып қайта аталсын.
2. "Шығыс Қазақстан облысы, Зырян ауданының Тұрғысын селолық округінің әкім аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімді Зырян ауданының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткізуді;
2) әкімнің осы шешімі мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпараттық орталық" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрде көшірмесін жіберуді;
3) осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін Зырян ауданының аумағында таратылатын мерзімдік басылымдарға ресми жариялау үшін жіберуді;
4) осы шешім ресми жарияланғаннан кейін Зырян ауданы әкімінің интернет - ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тұрғысын ауылдық округінің әкімі | Д. Қожанова |