Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/4 "Көкпекті ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын) және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 201 5 жылғы 08 сәуірдегі N 34-3/1 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 мамырда N 3927 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 маусымдағы № 23-6/3 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 20.06.2018 № 23-6/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 28 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Көкпекті ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (сызбасын) және жер салығының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы" Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 3 сәуірдегі № 22-6/4 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3288 тіркелген, "Жұлдыз"-"Новая жизнь" газетінің 2014 жылғы 25 мамырдағы № 43 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
       кіріспе келесі редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 8 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі), Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы К. Кожаева
      Көкпекті аудандық
      мәслихат хатшысы Р. Беспаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады